Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медеу ауданында 2024 жылы 42,2 км тротуар мен 17 км арық желісі салынады

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі.

2024 жылы Алматының Медеу ауданындағы орташа жөндеу жұмыстарының көлемі екі есеге – 51,6 км-ге дейін ұлғаяды.

Қала басшысы 60 мың шаршы метрден астам жол төсеміне шұңқырлы жөндеу жүргізіліп, 42,2 шақырым тротуарлар мен 17 шақырым арық желілері салынатынын атап өтті.

- Әкімдік жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы Медеу ауданында 21,8 км жолға орташа жөндеу жүргізілді, 56 мың шаршы метр жол төсемі ішінара қалпына келтірілді, 29 көшеде 24,5 км тротуар салынды, 20 көшеде 6,6 км жаңа арық желісі іске қосылды, - деп еске салды Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

09 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.