2021 жылғы 7 желтоқсанда Алматы қаласы Креативтік индустриялар басқармасының ұйымдастыруымен «Мансап күні» онлайн-бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
«Мансап күні» онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі шығармашыл жастарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуге және азаматтардың жұмысқа орналасуына және жұмыс берушілер қажетті ізденушілерді (кадрларды) таңдай алатын лайықты жұмыс іздеуге жәрдемдесу арқылы креативті қоғам өкілдерінің әлеуетін ашуға бағытталған.
Жәрмеңкенің артықшылығы Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының қатысуы, сондай-ақ Қазақстанның халық банкі, Magnum Cash&Carry, Сентрас Иншуранс, AlinEX және басқалары сияқты Қазақстанның еңбек нарығындағы жетекші компаниялардың танымал кәсіпкерлері мен рекрутерлерінің қатысуы болып табылады.
Қатысу үшін ізденушілер мен басқа да мүдделі тұлғалар тіркеуден өтіп, сауалнаманы толтырып, ресми сайттағы «Мансап күні» бағдарламасымен танысуы қажет https://almatycareerday.kz
Өтінімдерді беру мерзімі 2021 жылғы 5 желтоқсанға дейін.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі