Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әл-Фараби және Абай даңғылдарында уақытша көлік қозғалысының шектелуі туралы

Орташа жөндеу жұмыстарының аясында асфвльтбетон жабынын төсеуге байланысты 2 шілде сағ 23:00-ден 4 шілде 06:00 аралығында түнгі және күндізгі уақытта әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі. Жол қозғалысы Асқаров, Торайғыров,  Мұстафин және қайталама Саин көшесімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 3 шілде күнгі сағ23:00-ден 5 шілде сағ 06:00-ге дейін Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жол қозғалысы Есенжанов, Сәтбаев, Брусиловский, Тұрғыт Озал көшелерімен ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.


 
Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.