Егер сізге белгісіз нөмірмен қоңырау шалып, атаулы әлеуметтік көмек (негізінен 300 мың теңге көлемі айтылады) тағайындалды, алайда осы соманы алу үшін банк шотына, Qiwi-әмиянға және т.б. белгілі бір соманы аудару керектігін айтса, бұл – алаяқтық!
Бұл жағдайда алаяқтық фактісі туралы шұғыл түрде құқық қорғау органдарына хабарлап, сізге қоңырау шалған нөмірді көрсету қажет.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
17.07.2001 ж. «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек сіз білдірген өтініш пен отбасының жиынтық табысына сәйкес тағайындау сомасының есебі бойынша жеке тағайындалады.
Атаулы әлеуметтік көмек мәселелеріне қатысты төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарласуға болады:
- Алмалы ауданы
Назарбаев даңғ., 50 (Гоголь к-сі. қиылысы), операциялық зал, 16-шы терезе, тел. 8 747 849 00 23 (Жанар Кәрімжанова)
- Алатау ауданы
Нұркент ы.а., 5/25, тел. 8 778 920 79 93 (Ақерке Құрманғали)
- Әуезов ауданы
3 ы.а., 41 үй, №208 каб., тел. 8 707 189 89 94 (Олжас Мұса)
- Бостандық ауданы
Жандосов к-сі, 2 (Байзақов к-сі. қиылысы), №118 каб., тел. 8771 416 42 31 (Алмас Қанабек)
- Жетісу ауданы
Мақатаев к-сі, 142 (Сейфуллин даңғ. қиылысы), №18 каб. тел. 8707 788 58 45 (Арман Амантай)
- Медеу ауданы
Төле би к-сі, 12 (Қалдаяқов к-сі. қиылысы) тел. 8 708 283 16 93 (Ұлан Темірбек)
- Наурызбай ауданы
Шұғыла ы.а., 347, №205 каб., тел. 8 708 979 21 66 (Әсем Байқұрманова)
- Түрксіб ауданы
Рихард Зорге к-сі, 18, №212 каб., тел. 8 707 566 14 74 (Толқын Әбдірахманова)
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы