Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Құлақтандыру жүйесі тексеріледі

21 желтоқсан күні сағат 10: 10-да Алматыда   азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспары бойынша құлақтандыру дабылы (сирена) соғылады.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті тұрғындарды төтенше жағдайлар туралы хабардар ету және ақпараттандыру тұрғындарды табиғи құбылыстардың түрлі факторларының әсерінен туындаған қандай да бір апаттың немесе қиратушы әсердің теріс салдарларынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі шара болып табылатынын хабарлады.

Хабардар ету жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.

Дыбыстық сигнал «Назар аударыңыз!» - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

«Дыбыстық сигналды ести отырып, теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу, қалыптасқан жағдайда одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулар алу үшін интернет-ресурстарда және мобильді қосымшаларда ақпаратты оқу қажет. Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдықтарын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған», - деп нақтылады қалалық ТЖД.

 

Дереккөз: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.