Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 30 наурыздағы ақпарат

30 наурыздағы мәлімет бойынша 3 146 адам коронавирус инфекциясынан (2 140 КВИ+ және 1 006 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

  • 355 пациент стационарда,
  • 2 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 31 адамның жағдайы ауыр,
  • 7 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 8 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

  • «Қызыл» аймақта:
  • «Сары» аймақта:
  • «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

 

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат 

Өткен тәулікте «Pfizer» вакцинасының

  • I-ші дозасын 940 530 адам,
  • ІІ-ші дозасын 795 994 адам  салдырды.  Оның ішінде:

І-ші компонентімен

  • Жасөспірімдер – 778 353,
  • Жүкті әйелдер – 35 535,
  • Бала емізетін әйелдер – 125 342.

ІІ-ші компанентімен

  • Жасөспірімдер – 663 880,
  • Жүкті әйелдер – 29 349,
  • Бала емізетін әйелдер – 102 365.

 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 453 237 адам, 2-ші компонентін 9 156 605 адам салдырды.

 

Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.