24 ақпандағы мәлімет бойынша 26 249 адам коронавирус инфекциясынан (25 174 КВИ+ және 1 075 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
- 3 326 пациент стационарда,
- 22 923 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 197 адамның жағдайы ауыр,
- 88 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 77 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
- «Қызыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы;
- «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Қостанай, Павлодар облыстары;
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 367 506 адам, 2-ші компонентін 8 961 969 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК