22 тамыздағы мәлімет бойынша, 21 483 адам коронавирус инфекциясынан (–21 160+ және 323 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 917 пациент стационарда, 20 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 36 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.
Өткен тәулікте «Pfizer» вакцинасының
- I-ші дозасын 1 238 309 адам,
- ІІ-ші дозасын 1 195 756 адам салдырды. Оның ішінде:
І-ші компонентімен
- Жасөспірімдер – 874 151,
- Жүкті әйелдер – 41 611,
- Бала емізетін әйелдер – 145 410.
ІІ-ші компанентімен
- Жасөспірімдер – 858 483,
- Жүкті әйелдер – 39 415,
- Бала емізетін әйелдер – 141 734.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта:
- «Сары» аймақта:
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 578 561 адам, 2-ші компонентін 9 359 276 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК