Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 21 шілдедегі ақпарат

21 шілдедегі мәлімет бойынша, 12 410 адам коронавирус инфекциясынан (–12 285+ және 125 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 099 пациент стационарда, 11 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 23 адамның жағдайы ауыр,
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

 

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат. 

Өткен тәулікте  «Pfizer» вакцинасының

  • I-ші дозасын  1 230 420 адам,
  • ІІ-ші дозасын  1 174 217 адам  салдырды.  Оның ішінде:

І-ші компонентімен

  • Жасөспірімдер – 868 998,
  • Жүкті әйелдер – 41 277,
  • Бала емізетін әйелдер –145 075.

ІІ-ші компанентімен

  • Жасөспірімдер – 848 403,
  • Жүкті әйелдер – 38 888,
  • Бала емізетін әйелдер – 140 026.

 

2022 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

  • «Қызыл» аймақта:
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

 

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның 1-ші компонентін 9 541 643 адам, 2-ші компонентін 9 323 786 адам салдырды. 

 

Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.