09 ақпандағы мәлімет бойынша 79 191 адам коронавирус инфекциясынан (77 974 КВИ+ және 1 217 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 9 005 пациент стационарда,
- 70 186 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 410 адамның жағдайы ауыр,
- 154 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 103 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.
Өткен тәулікте «Pfizer» вакцинасының
І-ші компонентімен
- Жасөспірімдер – 586 500
- Жүкті әйелдер – 27 879,
- Бала емізетін әйелдер – 90 791.
ІІ-ші компанентімен
- Жасөспірімдер – 330 001,
- Жүкті әйелдер – 18 030,
- Бала емізетін әйелдер – 54 819.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 261 131 адам, 2-ші компонентін 8 832 725 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК