04 ақпандағы мәлімет бойынша 120 059 адам коронавирус инфекциясынан (118 880 КВИ+ және 1 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 10 095 пациент стационарда,
- 109 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 450 адамның жағдайы ауыр,
- 163 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 88 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Маңғыстау облыстары;
- «Жасыл» аймақта: Қызылорда, Түркістан облыстары.
Жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат.
Өткен тәулікте «Pfizer» вакцинасының
І-ші компонентімен
- Жасөспірімдер – 551 737
- Жүкті әйелдер – 26 845,
- Бала емізетін әйелдер – 85 814.
ІІ-ші компанентімен
- Жасөспірімдер – 293 447,
- Жүкті әйелдер – 16 901,
- Бала емізетін әйелдер – 49 616.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 221 794 адам, 2-ші компонентін 8 793 354 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК