30 шілдедегі мәлімет бойынша 93 580 адам коронавирус инфекциясынан (91 133 КВИ+ және 2 447 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 26 408 пациент стационарда,
- 67 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 639 адамның жағдайы ауыр,
- 345 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 180 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары;
- «Сары» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 321 718 адам, 2-ші компонентін 3 632 067 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК