28 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 486 адам коронавирус инфекциясынан (42 022 КВИ+ және 464 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 705 пациент стационарда, 27 781 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 770 адамның жағдайы ауыр;
• 193 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 26 сәуірдегі мәлімет бойынша 156 жаңа жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған. 87 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 52 627, өлім жағдайлары - 786, барлығы 51 377 адам сауығып шықты.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК