28 қазандағы мәлімет бойынша 49 270 адам коронавирус инфекциясынан (43 376 КВИ+ және 5 894 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 8 485 пациент стационарда,
- 40 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 594 адамның жағдайы ауыр,
- 152 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 234 777 адам, 2-ші компонентін 7 421 169 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК