26 тамыздағы мәлімет бойынша 117 566 адам коронавирус инфекциясынан (111 242 КВИ+ және 6 324КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 27 244 пациент стационарда,
- 90 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 857 адамның жағдайы ауыр,
- 516 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 466 823 адам, 2-ші компонентін 5 152 752 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК