25 қарашадағы мәлімет бойынша 28 106 адам коронавирус инфекциясынан (24 235 КВИ+ және 3 871 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 5 879 пациент стационарда,
- 22 227 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 444 адамның жағдайы ауыр,
- 117 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 76 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
2021 жылғы 25 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 677 674 адам, 2-ші компонентін 8 008 545 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК