24 тамыздағы мәлімет бойынша 123 226 адам коронавирус инфекциясынан (117 339 КВИ+ және 5 887 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 28 577 пациент стационарда,
- 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 824 адамның жағдайы ауыр,
- 555 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 267 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 24 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 413 010 адам, 2-ші компонентін 5 070 640 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК