24 қарашадағы мәлімет бойынша 28 704 адам коронавирус инфекциясынан (24 700 КВИ+ және 4 004 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 5 943 пациент стационарда,
- 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 451 адамның жағдайы ауыр,
- 126 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
2021 жылғы 24 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 661 498 адам, 2-ші компонентін 7 986 343 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК