20 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 290 адам коронавирус инфекциясынан (61 705 КВИ+ және 8 585 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 13 333 пациент стационарда,
- 56 957 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 051 адамның жағдайы ауыр,
- 278 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау,Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.
- «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 300 062 адам, 2-ші компонентін 6 161 154 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК