19 тамыздағы мәлімет бойынша 121 113 адам коронавирус инфекциясынан (115 764 КВИ+ және 5 349 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 30 286 пациент стационарда,
- 90 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 856 адамның жағдайы ауыр,
- 540 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 265 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары;
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 6 229 329 адам, 2-ші компонентін 4 867 622 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК