19 қазандағы мәлімет бойынша 52 225 адам коронавирус инфекциясынан (45 706 КВИ+ және 6 519 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 9 130 пациент стационарда,
- 43 095 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 627 адамның жағдайы ауыр,
- 168 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 8 054 450 адам, 2 - ші компонентін 7 167 091 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК