18 қазандағы мәлімет бойынша 52 825 адам коронавирус инфекциясынан (46 275 КВИ+ және 6 550 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 9 329 пациент стационарда,
- 43 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 628 адамның жағдайы ауыр,
- 177 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 029 779 адам, 2-ші компонентін 7 128 454 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК