15 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 675 адам коронавирус инфекциясынан (–29 734+ және 4 941 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
- 6 925 пациент стационарда,
- 27 750 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 520 адамның жағдайы ауыр,
- 120 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
2021 жылғы 15 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 539 432 адам, 2-ші компонентін 7 817 732 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК