14 қыркүйектегі мәлімет бойынша 76 858 адам коронавирус инфекциясынан (68 526 КВИ+ және 8 332 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 15 308 пациент стационарда,
- 61 550 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 196 адамның жағдайы ауыр,
- 345 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 194 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары
- «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте 2021 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 126 777адам, 2-ші компонентін 5 944 855 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК