14 қазандағы мәлімет бойынша 53 289 адам коронавирус инфекциясынан (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 9 150 пациент стационарда,
- 44 139 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 669 адамның жағдайы ауыр,
- 194 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 130 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Алматы, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 947 201 адам, 2-ші компонентін 7 022 361 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК