13 қыркүйектегі мәлімет бойынша 78 512 адам коронавирус инфекциясынан (70 184 КВИ+ және 8 328 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 16 345 пациент стационарда,
- 62 167 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 276 адамның жағдайы ауыр,
- 340 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары
- «Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары
- «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 087 994 адам, 2 - ші компонентін 5 906 080 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК