08 қарашадағы мәлімет бойынша 40 856 адам коронавирус инфекциясынан (35 528 КВИ+ және 5 328 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 7 563 пациент стационарда,
- 33 293 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 556 адамның жағдайы ауыр,
- 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды облысы.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
2021 жылғы 08 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 409 883 адам, 2-ші компонентін 7 674 577 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК