04 қарашадағы мәлімет бойынша 43 397 адам коронавирус инфекциясынан (37 852 КВИ+ және 5 545 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 7 710 пациент стационарда,
- 35 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 520 адамның жағдайы ауыр,
- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 102 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары.
2021 жылғы 04 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 355 168 адам, 2-ші компонентін 7 588 601 адам салдырды.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі