01 қарашадағы мәлімет бойынша 46 492 адам коронавирус инфекциясынан (40 793 КВИ+ және 5 699 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
- 8 412 пациент стационарда,
- 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 590 адамның жағдайы ауыр,
- 149 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
- «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
2021 жылғы 01 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 300 105 адам, 2-ші компонентін 7 500 328 адам салдырды.
Ақпарат көзі: COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК