Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындарға заманауи гаджеттер, тұрмыстық техника мен тау велосипеді ойнатылды

Алматыда бағалы сыйлықтар табыстайтын вакцина пункттерінің саны өсуде. Акцияға Жетісу ауданында вакцина алғандар арасында лотерея өтті. Нәтижелері 5 маусымда тікелей эфирде шығарылды.

Жетісу ауданының әкімдігі мұндай лотерея вакцинаға деген қызығушылыққа оң әсер етеді деп үміттенеді.

«Лотереяға қатысу үшін 2021 жылдың 29 мамырынан 4 маусымына дейін Жетісу ауданының екпе орталықтарына вакцинаның бірінші компонентін қою қажет. Нәтижелер 5 маусымда шықты. Барлық үдеріс емханалар тарапынан бақылаушылардың, сондай-ақ вакцина алғандардың қатысуымен тікелей эфирде көрсетілді», — деп хабарлады аудан әкімдігі.

Лотерея нәтижелері бойынша 20 адам құнды сыйлықтар алды: Samsung S21 мен Samsung A32 телефондары, тау велосипеді, тоңазытқыш, құлаққаптары болды.

Тоңазытқышты М. Досумбекова жеңіп алды, Samsung Buds Live құлаққаптарын Кенжеева А. алды, тау велосипедін Шәкіров Б., Samsung A32 телефонын Гаппарова А. иеленді. Басты жүлде Samsung S21 премиум телефонын Сағидолла Салихов жеңіп алды. Акцияның тағы бірнеше қатысушысына да сыйлықтар берілді. Жеңімпаздар жүлделерін алу үшін +7 (701) 993-11-13 нөміріне хабарласуы керек.

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.