Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қонаев-Алматы бағытындағы пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 11 қарашадан бастап Қонаев-Алматы бағыты бойынша № 6906/6907 пойызды жолға шығарады. Дизельді теміржол пойызы күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, Алматы стансасынан кері қарай сағат 19.00-де жүреді. Жол жүру уақыты – 1 сағат, 17 минут, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бағытты қаржыландыру ағымдағы жылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушы есебінен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағытта тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша 2023 жылға тендер өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда.

«Басты міндеттердің бірі – облыстың көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру. Үкімет әкімдікпен бірлесе отырып, көлік желісін жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеуі тиіс. Жолаушылар мен жүк тасымалының мүмкіндігін кеңейту үшін жағдай жасау қажет. Атап айтқанда, Алматы мен Қонаев арасындағы жол желісімен қатар теміржол желісін де дамыту қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін ИИДМ баспасөз қызметі қала маңындағы жаңа Алматы-Қонаев бағыты бойынша тәулігіне бір рет жүретін пойыз Алматы-1 стансасынан сағат 06:44-те шығып, Қапшағай стансасына 08:35-те келетінін, сондай-ақ Қапшағай стансасынан 19:15-те жөнелтіліп, Алматы-1 стансасына 20:50-де жететінін хабарлаған болатын.

 

Дереккөз: inform.kz

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.