Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қауіпсіздік бәрінен жоғары: Алматыда ШААЖ бойына тротуар жасалды

Ұзындығы 190 метрлік тротуар Алматы қаласының Медеу ауданындағы ШААЖ бойымен жанармай құю станциясынан аялдама кешеніне дейін жасалды.

Бұрын тротуар болмаған, жаяу жүргіншілер жол бойымен жүретін еді.

«Мен бұл жолмен жүремін, осында жұмыс істеймін. Бұрын жолдың шетімен жүретінбіз, көліктің астына түсуден қоқатынбыз. Жаңбырлы ауа - райында жол тайғақ болатын. Бәррімізге жайсыз еді. Қазір жақсы болды, барлығына ыңғайлы», - деп атап өтті Алматы қаласының тұрғыны Смағұл Маусымбаев.

Жоба Медеу ауданы әкімінің аппаратымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша іске асырылды. Ауданда осы бағдарлама бойынша барлығы 44 жоба қолға алынған. Бүгінде 34-і бойынша жұмыс аяқталды. Қалғандары осы жылдың қараша айының соңына дейін орындалады.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.