Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және басқа да облыстарда карантин уақыты сәуір айының соңына дейін ұзартылды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Індет кезінде шектеу шараларын жеңілдетуге болмайды. Осы себепті елордада, Алматыда, Шымкентте және тиісті облыстарда карантин режимін сәуір айының соңына дейін ұзартуды тапсырамын. Бұл қалыпты шешім емес екенін түсінемін, адамдар сыртқа шығып, әдеттегі, үйреншікті өмір салтын қалпына келтіргісі келеді. Дегенмен, әзірге карантинді, өзін-өзі оқшаулауды сақтаудан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсыныстары», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Ақпарат көзі: akorda.kz