Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Қала әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстарына көңіл айтты

Жерлеу рәсіміне әкімдік көмек көрсетеді.

Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына  көңіл айтты және оларды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды.

Техногендік сипаттағы  лай көшкіні салдарынан  қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің  денесі табылды.

- Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған  үйде тұрған  отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен  қаза болғандардың туыстары  мен жақындарының қайғысына ортақпын.  Оларға шын жүректен  қатты қайғырып, көңіл айтамын, - деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі. Сонымен қатар  қаза болған отбасының қазіргі уақытта шетелде оқитын үлкен ұлына білім алуға және  елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетіледі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

08 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.