Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тобаяқов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі учаскедегі Сейфуллин даңғылының бойындағы қозғалыс толығымен жабылады

Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасының ақпараты бойынша 29 қыркүйек сағат 23-00-ден 30 қыркүйек сағат 23-00-ге дейін «Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» жобасы аясында *инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тобаяқов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі учаскедегі Сейфуллин даңғылының бойындағы қозғалыс толығымен жабылады.

Жабық учаскені Тобаяқов к-сі, Жансүгіров к-сі және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.

Айта кету керек, аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 7 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.

Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы-жол телеграм арнасында https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Келесі маршруттардың схемалары уақытша өзгертілді:

№18 солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Мақатаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№18 кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Райымбек даңғылы-Наурызбай батыр көшесі-Мақатаев көшесі-бұдан әрі схема бойынша;

№30 солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Мақатаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№30 кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Мақатаев көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№34 солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Мақатаев көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№34 кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Мақатаев көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№56 солтүстік бағытта - Гоголь көшесі - Сейфуллин даңғылы - Мақатаев көшесі - Назарбаев даңғылы - Жансүгіров көшесі-бұдан әрі схема бойынша;

№56 кері бағытта - Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Мақатаев көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№72 солтүстік бағытта - Райымбек даңғылы-Наурызбай батыр көшесі-Мәметова көшесі-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№72 кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы-Райымбек даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№129 солтүстік бағытта - Райымбек даңғылы-Назарбаев даңғылы-Жансүгіров көшесі-Сейфуллин даңғылы-бұдан әрі схема бойынша;

№129 кері бағытта - Сейфуллин даңғылы-Жансүгіров көшесі-Назарбаев даңғылы - Гоголь көшесі-бұдан әрі схема бойынша;

ТП7 солтүстік бағытта - Сейфуллин даңғылы-Тобаяков көшесіндегі бұрылыс-бұдан әрі кері бағытта қозғалыс, бақылау нүктесін "ЖЭО-1"аялдама пунктіне көшіру;

ТП7 кері бағытта-қозғалыстың басталуы "ЖЭО 1" аялдамасынан-Сейфуллин даңғылынан-әрі қарай схема бойынша.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.