Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Фронт-офис: жүргізушілер өз куәлігін ауыстыра алады

Онда арнайы постаматтар қойылды.

Алматылықтар енді мемлекеттік қызметтерді жылдам ала алады. Өйткені халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы фронт-офистерде азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы құрылды.

Онда электронды-цифрлық қолтаңба, тұрғылықты мекенжай бойынша анықтама алу сынды қызметтерден бастап, өз бетінше жүргізуші куәлігіне дейін ауыстыру да қарастырылған. Мұндай жаңашылдық әзірге Әуезов және Медеу ауданының халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді.

– Қазір 1210 қызмет түрін онлайн алуға болады. Егер қолыңыздан келмесе, жаңадан құрылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына келесіз. Біздің мамандар көмектеседі. Цифрлық кеңсе енді бірнеше секторға бөлінеді. Ол азаматтардың алатын қызмет түріне байланысты болады, – деді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының басқарма басшысы Мадина Аманова.

Сондай-ақ орталықта жақында іске қосылатын құжаттау терминалдары орнатылған. Ол азаматтарға төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Фронт-офиске арнайы постаматтар қойылды. Оның көмегімен азаматтар өзіне ыңғайлы уақытта дайын құжатты алып кете алады. Айта кетейік, постаматтар тәулік бойы жұмыс істейді.

– Құжат постаматта түсті деген смс келеді. QR-мен өтіп, сол документін алып кетеді. Клиент келмей қалуы мүмкін, құжат 3 күннен кейін орталыққа түседі, – деді Медеу фронт-офисінің басшысы Арайлым Айжанова.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

13 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.