Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат Басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы, Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында, қала халқын жұмыспен қамту мәселелеріне көмек көрсету шаралары туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы аясында, қала тұрғындарының жұмысқа орналасуына жәрдемдесу шаралары іске асырылуда. Барлық бос орындар туралы толығырақ www.enbek.kz. порталында танысуға болады.
"Бүгінгі күні enbek.kz порталдағы электрондық еңбек биржасында 15 мыңнан астам бос жұмыс орындары жарияланды. Келіп түскен бос жұмыс орындарын талдағанда, бүгінгі таңда "жұмысшылар" сұранысқа ие екенін көрсетеді. Олар-слесарь, дәнекерлеуші, темір - бетон конструкцияларын қалыптаушы, электрик, жүргізушілер, жүк тиеушілер, аула сыпырушылар, газбен дәнекерлеуші, қызмет көрсету саласы, медицина қызметкерлері", - деді Д.Әлкебайұлы.
Сондай-ақ, ол enbek.kz порталында тұрақты жұмыс орындарына бос орындар жарияланғанын айтты. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеуші қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы сияқты басқа да жұмыс түрлерімен танысып, қысқа мерзімді курстарға өтінім бере алады.
Еңбек бағдарламасы шеңберінде уақытша жұмыс орындарына, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға жіберуге көмек көрсетіледі. Қоғамдық жұмыстарды — халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырады. Оған жұмысшының алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуі талап етілмейді.
"Қоғамдық жұмыстардағы жалақы ең төменгі 2 жалақыны құрайды (айына 85 мың теңге). Қоғамдық жұмыстарға жоспарланған 15 мың адамның 12 мыңы жұмысқа орналастырылды", - деді Д.Әлкебайұлы.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға қатысушылар — қарт адамдарға, мүгедектерге және еріктілер қозғалысына және т. б. көмек көрсететін болады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі