Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін қажетті техникамен қамтамасыз етілген» — Алматылық дәрігер

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында №5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Лаура Малдыбаева айтты.

Медицина қызметкерлері мен қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап емханаларда онлайн-кеңестер ұйымдастырылды.

Осыған байланысты, барлық дәрігерлер жедел және уақтылы медициналық қызмет көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін барлық құралдармен, құрылғылармен, яғни компьютер, ноутбук, планшет, телефонмен қамтамасыз етілген. Дәрігерлерге алаңсыз онлайн-кеңес жүргізу үшін барлық жағдай жасалды», — деді Л. Малдыбаева.

Сонымен қатар, дәрігерлер толық жеке қорғаныс құралдарымен: әр ауысымға екі сағат сайын бір рет қолданылатын маскалар, бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдері, дезинфекциялық құралдар, қолғаптармен қамтамасыз етілген.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.