Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Дәрігерлер мен өнер қайраткерлерін біріктіруге арналған алғашқы көркем өнер көрмесі өтті

Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы мұражайда дәрігерлер мен өнер қайраткерлерін біріктіруге арналған алғашқы көркем өнер көрмесі өтті.

"Өзгенің жаны үшін жаным пида" көрмесі дәрігерлерге, медбикелерге, олардың күнделікті өмірдегі, әсіресе пандемиядағы күрделі еңбегіне арналып, 2023 жылғы медицина қызметкері күнін және Қазақстан Суретшілер одағының 90 жылдық мерейтойын мерекелеуге орайластырылды.

Іс-шараны ұйымдастырушы:

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Алма палитрасы" кәсіби суретшілер қауымдастығы.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Тұрысбекұлы, ҚарМ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор Вячеслав Нотанович Локшин, ҚР СХ басқарма төрағасы Ө.Жұбаниязов, көрмені ұйымдастырушы, "Яблоневая Палитра" кәсіби суретшілер қауымдастығының басшысы, ҚР СХ Басқарма мүшесі Лидия Дмитриевна Дроздова және куратор Марлан Кеңесұлы Нысанбаев құттықтау сөз сөйледі.

Республикалық көрмеге Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Тараз және Шымкент қалаларынан 40-тан астам суретші қатысты. Көрмеде графика, кескіндеме, мүсін және қолданбалы өнердің 50-ден астам шығармашылық туындысы ұсынылды.

 

Дереккөз: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.