Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Досаев мейрамханалардың тамақ қалдықтарын утилизациялауларына бақылауды күшейтуді тапсырды

Медеу ауданы тұрғынының сұрағы: Бізде Абай-Пушкиндегі мейрамханалар өздерінің тамақ қалдықтарын біздің контейнерлерімізге тастайтын жазғы алаңдар бар. Үлкен қара сөмкелердегі қоқыс бізде түні бойы жатады. Рестораторлар ай сайын 68 мың теңге төлейтіндерін, екінші келісім-шарты бар екенін айтады. "Тәртіп" АҚ-мен келісім бойынша олар ҚТҚ – ны біздің контейнерлерге, енді тіпті тамақ қалдықтарын да тастайтын болды.Бұл дұрыс емес қой .

Аудан әкімі Еркебұлан Оразалиннің жауабы: Біз бұл нысанда бірнеше рет болдық. Тамақ қалдықтары туралы рестораторлармен жұмыс жасаудамыз. Олар бөлек келісімшарттар жасады. Менің орынбасарым тұрғындармен тікелей байланыста. Егер шағымдар болса, біз тағы да көреміз,ешқашан бас тартпаймыз.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы: Аудан әкіміне тапсырма беремін: рестораторлармен жасалған келісім шартты қайта қөарау керек. Белгіленген уақытта процестің барлық қатысушыларымен қоқысты шығару мүмкіндігін анықтауды сұраймын, бұл ыңғайлы болады-кешкі сағат 10 немесе 11 - де.

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.