Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Дос-Мұқасан» тобының 55 жылдығына орай «Алматы түні» көрмесі өтеді

Көрмеге 200-ден астам экспонат қойылады.

Алматы музейінде 2022 жылдың 16 қыркүйегінде, сағ.12:00-де Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне және «Дос-Мұқасан» вокалды-инструменталды ансамблінің 55 жылдығына арналған «Алматы түні» атты көрменің  ашылуы өтеді.

Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының студенттерінен құралған «Досмұқасан» тобының 1967 жылдың 1 тамызында Павлодар облысының Баянауыл ауылында алғашқы концерті өтті. Топтың алғашқы мүшелері – Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Хамит Санбаев, Александр Литвинов қатысқан бұл концерт қазақ өнеріндегі елеулі жаңалық болды.

«Дос-Мұқасан» тобының арқасында халық әндері жаңаша бояуға ие болды. «Қазақ Битлзі» атанған топ жанкүйерлердің жүрегін бірден жаулап алды. Жылдар өткен соң ансамбль түрлі сыйлықтар мен Бүкілодақтық конкурстардың лауреаты болды.

Көрмеде «Дос-Мұқасан» тобының жеке архивінде сақталған сахналық костюмдер, музыкалық аспаптар, марапаттар, концерттік афишалар,  фотосуреттер және естелік сыйлықтардан тұратын 200-ден астам экспонат қойылады.

Сондай-ақ, аталған көрмеге С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің Музей кешеніне кіретін «Дос-Мұқасан» музейінің құнды жәдігерлері арнайы жеткізілді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.