«Қазгидромет» Алматыда дауылды ескерту жариялады.
30 қарашада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, көктайғақ болады, жел екпіні 15 м/с жетеді.
1-2 желтоқсанда түнде ауа температурасы минус 8-13 градусқа дейін төмендейді.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын:
- қырағы болып, ауа-райының өзгеруі және шектеулер енгізілгені туралы ақпаратты қадағалап отыруға;
- көшеде бағана, ағаш, жарнама тақтайшалары, электр тіректері мен сымдардан аулақ болуға;
- ағаштар мен ескірген ғимараттардың маңына жеке көлікті қоймауға;
- құрылыс нысандары бойынша халықты және аумақты қолайсыз ауа райының әсерінен қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау; мүмкіндігінше, құрылыс алаңдарындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын шектеуге шақырады.
Үсік шалу мен жарақаттанудың алдын алу үшін таулы жерлерге шығудан бас тартқан жөн.
Төтенше жағдайда «112» телефонына қоңырау шалыңыз.