Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

COVID-19 дың жеңіл түрімен ауырып, үйлеріне шығарылған науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі – Б.Сағынтаев

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасының тікелей эфиріндегі сұрақтарға жауап беру кезінде айтты.

Әкім стационарларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесіне түсініктеме берді.

"Егер пациент амбулаторлық емделуде болса немесе стационардан үйге емделуге шықса, онда біз оны толық көлемде қамтамасыз етуіміз керек. Қазір біз нақты керек тізім бойынша барлық клиникаларымызды, әрбір емханадағы қорларды есепке алдық (COVID-19 бен күрес аясында). Сонда науқас мемлекеттен бұл дәрі-дәрмектерді толық алуы керек. Бұл пациенттер біздің мобильді бригадалардың бақылауында", - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.