Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бостандық ауданында жаңа емханалар салынады

Алматы қаласының Бостандық ауданында екі жаңа емхана салынады. Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Оның айтуынша, Бостандық ауданында әрқайсысы 500 орындық екі жаңа емхана салынады. Олардың бірі әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысында, екіншісі Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында пайда болады.

«Екеуінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, мемлекеттік сараптамасын жыл соңына дейін алу жоспарланған. Сонымен қатар, №4 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Бұған қоса, 500 орындық қалалық орталық клиникалық аурухананың жаңа ғимараты салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың II тоқсанында басталады», – деді ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.