Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бостандық ауданында 2 емхана салынады

Әр емхана 500 келушіні қабылдайтын болады

Бүгін Алматы қаласы әкімінің Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр. Кездесу барысында халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін биыл наурыз айында 2 объектінің құрылысын аяқтау көзделуде екенін айтты.

«Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусы.

«Керуен Medicus» жекеменшік медициналық орталығында 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар перзентхана бөлімшесі.

Оның айтуынша, осы жылы медициналық мекемелердің жүктемесін азайту үшін 5 объектінің құрылысын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жобалануда.

Әрқайсысы 500 келушіні қабылдайтын 2 жаңа емхана құрылысы. Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесінің қиылысындағы бірінші емхана бойынша осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Оны биыл жылдың соңына дейін аяқтап, мемлекеттік сараптамадан өткізу көзделген. Құрылысты бастау 2024 жылдың 1 тоқсанында жоспарланған.

«Екінші жаңа құрылыс – мен осыған дейін айтқан Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысындағы емхана. Құрылысты бастау 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланған. Жұмыс істеп тұрған 2 емхана, яғни №14 және №12 емханалар күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін конкурстар өткізілуде. Сараптамасы тамыз айында күтіледі. Күрделі жөндеу 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланған. 500 орындық қалалық орталық клиникалық арухананың (№12 аурухана) жаңа корпусын салу жоспарланып отыр. Осы жылдың қаңтар айында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған», – деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.