Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Биыл жыл соңына дейін Абай даңғылы қала шекарасына дейін ұзартылады

Ақжар және Шұғыла шағынаудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып, 21 км жол орташа жөндеуден өтеді.

Қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде Наурызбай ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті екенін атап өтті.

2022 жылы Ақжар шағынауданында 10 км жол және Ақжар, Қарағайлы мен Шұғыла шағын аудандарының 12 көшесінде 8 км тротуар салынды, 23 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Биыл 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағынаудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып, 21 км жол орташа жөндеуден өтеді.

«Жыл соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзартуды аяқталады. Қазір жер телімін сатып алу және алып қою жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса, осы айда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуға тиіс», - деді қала әкімі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.