Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Биыл көктемде Шымбұлаққа барар жол бойындағы тау беткейлері нығайтылады

Бұл туралы мегаполис әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Алматыдағы "Медеу-Шымбұлақ" жолында құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары 2023 жылдың күзінен бері жалғасуда. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

- Өткен жылдың қазан айынан бастап "Мохнатка" және "Горельник" тау беткейлерінен 80 мың шаршы метрге жуық тас шығарылды және 17,6 мың текше метр  үйінділер тазартылды, - деп түсіндірді қала басшысы.

Айта кетерлігі, 2024 жылдың көктемінде Шымбұлаққа барар жолда тау беткейлерін нығайту жұмыстары басталады. Сондай-ақ нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары 2024 жылдың күзінде аяқталады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

09 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.