Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Бір жарым мыңнан астам адам «Тазару» жалпыұлттық эко-акциясына қатысты

Алматыда Наурыз мейрамына орайластырылған «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы барысында 427 текше метрден астам қоқыс жиналды, 83 бірлік техника пайдаланылды. Эко-акцияға барлығы 1500 астам адам қатысты.

Іс-шара қаланың барлық аудандарын қамтыды. Аудан әкімдіктері шанц құралдарын (қаптар, қолғаптар, тырмалар, күректер, бояулар, валиктер) ұсынды.

Эко-науқан барысында Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы және Тастыбұлақ өзендерінің жағалауы мен арналарының аумағында су айдындарын тазарту және іргелес учаскелерді қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өзендердің жағалау бөліктерін қоқыстардан, өскіндерден тазарту, қоқысқа арналған жәшіктерді, орындықтарды бояу, шағын сәулет нысандарын жуу жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп Әуежай көлінің жағасында қаланың жасыл қорын сақтау және көгалдандыру мақсатында 100-ден астам ағаш отырғызды.

 

 

 

 

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

26 наурыз 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.