Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету, жекелей алғанда, мониторингтік топтардың жұмысы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Жанар Сәдуақасова айтты.
«Бірқатар елдерде, соның ішінде көршілес елдерде біз коронавируспен байланысты жағдайдың ушыға түскенін бақылап отырмыз. Осыған байланысты, бас мемлекеттік санитар дәрігердің Қаулысымен карантин режиімінің сақталуы бойынша өзгерістер енгізілді», — деп атап өтті ол.
Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында Бостандық ауданы бойынша 4 мобильді топ құрылды, оның құрамына жергілікті полиция қызметінің, аудандық әкімдік қызметкерлері және «Атамекен» ҰКП өкілдері енген.
8-11 қазан аралығында аудан аумағында 384 нысан тексерілді. 57 нысан заң бұзушылықтармен анықталды, оларға жалпы сомасы 2,5 млн тг болатын айыппұл салынды, олардың арасында сенбі 24 қазан күні қызмет істеген «Мега центр плюс» жылжымайтын мүлік Акционарлік Инвестициялық Қоры» АҚ Мега ОСО-ның заңды тұлғасының айыппұлы бар.
Бостандық ауданында хабарлағандай, коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне және қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына байланысты, демалыс күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Өткен демалыс күндері, а. ж. қарашаның 7-нен 8-не қараған түні Бостандық, Әуезов, Медеу және Жетісу аудандарынан 9 мониторингтік топ қоғам өкілдері, еріктілер және «Жас Отан» өкілдерімен бірлесіп, мониторингтік шараларға қатысты.
5 мекемеде келушілердің болуы тоқтатылып, қонақтар шығарылды:
- «Бургер Хот», Әуезов көшесі, 183;
- «СанСет» мейрамханасы, Әл-Фараби даңғылы, 5к2а;
- «Хэдшот» компьютер клубы, Марков көшесі, 28;
- «Хани-Хани» дәмханасы, Әл-Фараби даңғылы 77/1;
- «Суши Рай» суши-бары, Абай даңғылы, 52/2.
Тапсырыспен сыртұа алып шығу жұмысы тоқтатылды:
- «Салам бро» тез тамақтану дүңгіршегі, Тимирязев көшесі, 42к4;
- «Алматы Донер» донері, Абай даңғылы, 34/96.
Рұқсат етілген келушілер санын 50 пайыздан асыруына байланысты Мельникайте көшесі, 33 мекенжайында орналасқан «Тамарк» саунасының қызметі тоқтатылды.
Сонымен бірге, күндізгі мониторинг жүргізу барысында Алма-Арасан, 13 мекенжайындағы «Хан Сарайы» мейрамханасында 150 адамға арналған көпшілік шара — қыз ұзату анықталып, тоқтатылды.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан бетперде тағып, қашықтық сақтап, адамдар жаппай жиналатын орындарға бармауларын сұраймыз. Қарттарға, 65 жастан асқан адамдарға қажеттіліксіз үйден шықпау ұсынылады, үйде болып, өзіңізді қорғау керек», — деді Ж. Сәдуақасова.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі