Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Балалар қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайды – Ұлттық экономика министрі

Министр 2022 немесе 2023 жылдарға арналған қаражат келесі жылға жоспарланғанын айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың қандай жағдайда Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың есепшотына түсетін ақшаға салық салу жоспары жоқ екенін айтты.

"Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды, олар басқа балалар арасында бөлінеді. Егер азамат тұрақты тұруға көшіп кетсе, бірақ 18 жасқа дейін азаматтығын сақтаса, Қазақстан азаматы болса, бұл ақша оның өзінде қалады", – деді Әлібек Қуантыров.

Министр 2022 немесе 2023 жылдарға арналған қаражат келесі жылға жоспарланғанын айтты.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.